Павлодар байланыс мұражайына - 15 жыл

ПАВЛОДАР. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар байланыс мұражайының құрылғанына 15 жыл толды.
None
None

Мұражай облысты телефондандырудың тарихы туралы баяндайтын шағын көрме ұйымдастыра бастады - идеяға қолдау білдірген «Қазақтелеком» филиалының басшылығы арнайы жай бөліп, ал байланыс саласының ардагері Владимир Берестовский мұражай ісіне білек сыбана кірісті.

Бүгінде мұражай жәдігерлеріне көз сала отырып, телеграфтың, радиобайланыс пен телевидениенің даму тарихымен танысуға болады. Мұражайда 5 мыңдай жәдігер бар, олардың ішінде алғашқы телефон аппараттары, көне радиоқабылдағыштар мен теледидарлар, катушкалы магнитофондар, т.б. кездеседі. Бұл жерде сондай-ақ байланысшылар жеңіп алған ауыспалы Қызыл тулар, еңбек озаттары туралы материалдар, ардагерлердің альбомдары мен фотосуреттері сақтаулы.

Мұражай құрылғалы бері бұл жерде ТМД елдері мен Қазақстаннан 4,7 мыңдай адам болған, жүздеген келуші алғыс жазып қалдырған. «Павлодар облысындағы байланыс саласының дамуын баяндайтын жәдігерлерді сақтап, игі істі қолға алғансыздар», - деп жазады мәскеулік радист-байланысшы Молочков пікір жазу кітабында.

Соңғы жаңалықтар