Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің көбінде жылу жоғалып кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар қаласының шығыс және оңтүстік бөлігіндегі шағын аудандарда бүгін түске қарай жылу мен ыстық су жоғалып кетті. Жергілікті билік бұған ЖЭО-1-де су өткізетін жапқышты ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны себеп болды деп отыр.

жылу
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Қазіргі уақытта облыс орталығының шығыс және оңтүстік аумақтарында жылу мен ыстық су жоқ. Негізгі мәселе ЖЭО-1 –ден жылу алатын Усолка, Дачный, Екінші Павлодар, МДС шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде байқалып отыр.

«ЖЭО-1 стансасында су қысымы өтетін жапқышты ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты жылу параметрлері уақытша төмендетілді. Сағат 15.00-де жұмыстар аяқталды, температуралық режим қалпына келтіріліп жатыр. Бірнеше сағат ішінде жылумен қамтамасыз ету көрсеткіші қалыпқа келеді», - деп хабарлаған еді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған аумақтарда жылу әзірше жоқ. Жергілікті билік жылусыз отырған үйлердің санын нақтылай алмай отыр.

Бұған дейін Павлодар облысында тұрғын үйлерді жылуға қосу аяқталғаны туралы хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар