Павлодар қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы болып Ержан Иманзаипов тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Бұрынғы қала әкімі Болат Бақауов Павлодар облысы әкімі болып тағайындалғанға дейін Е.Иманзаипов Павлодар қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

Ержан Бейбітұлы Иманзаипов 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы - Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек қызметін 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастады.

2006 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметте: «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімде бас маман; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басқармасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманы. 2007 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі табиғи монополияларды реттеу жөнінде басқармасының жетекші маманы; Тарифтік реттеу басқармасының жетекші маманы; Тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасының сараптаушысы; 2011 жылдың сәуірінен 2013 жылдың маусымына дейін Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті директорының орынбасары; 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың наурызына дейін тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасы басшысының; Электр және жылуэнергетикасы саласында реттеу жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарады. 2014 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар