Павлодар қаласында 5 мың бозбала мен бойжеткен «Болашағымыз біздің қолымызда» атты облыстық форумға қатысты

Ол «20 жұлдызды күн - Тәуелсіздіктің 20 шыңы» деген ұранмен өтті. Форумға Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Шекаралар мен бір елдегі жүзден астам ұлыстардың қатар бейбіт өмір сүруін қорғап, күн сайын Отанына деген өздерінің махаббаттары мен адалдықтарын дәлелдеп жүрген жас әскери қызметкерлер бұл күннің батырлары болды.
Зал ішіндегі адамдар облыстың үздік спортшыларын, жас ғалымдарын, халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен мектеп оқушыларын, республика және шетелде танымал болған вокалшылар мен актерлерді, «Болашақ» бағдарламасының түлектерін қарсы алды.
Павлодар облысының жастары «Дипломмен - ауылға!» «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі», «Ауыл жастары» атты жалпыұлттық бастамаларға белсенді атсалысады. Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарының үш мыңнан астам қатысушысы облыс құрылысында жұмыс істеп, қарағайлы ормандардың өртенген жерлерін тазартты, - деп атап өтті Б.Сағынтаев жастарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып.
Үшінші еңбек семестрінде жеткен үлкен табыстары үшін ол СЖЕЖ-ның облыстық штабына «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады. Үздік сарбаздар мен жасақтар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Форумда Тәуелсіздік құрдастарына да көңіл бөлінді, оларға сыйлықтар беріліп, бұл күні «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіріп жатқан балаларға галстук тағу құрметі берілді.