Павлодар қаласында атақты ақын және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығына арналған кеш өтті

ПАВЛОДАР. 30 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде атақты ақын, этнограф, шығыстанушы және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығына арналған кеш өтті.
None
None

Шараға студенттер мен оқушылар, ЖОО-ның оқытушылары, сондай-ақ зиялылар мен атақты жерлестерінің әдеби және ғылыми мұраларын бағалайтындар қатысты.

Мәшһүр Жүсіп атындағы Баянауыл музейінен Көпеевтің жеке заттары, ғылыми еңбектері мен қолжазбалары алынып, көпшілік назарына ұсынылды.

«М.Ж. Көпеев үш тілде, яғни қазақ, араб және ортағасырлық парсы тілінде жазған, - деп атап өтті әдебиеттанушының немересі Қажымұқан Фазылов. - Оның еңбектерін Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары зерттеп жатыр. Бүгінгі күнде Көпеевтің 15 томдық шығармалар жинағы жарық көрген».

Шығармашылық кешті «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар