Павлодар қаласында «Атамұра» көрмесінде балалардың авторлық жұмысы ұсынылды

ВЛОДАР. 22 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Атамұра» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінде өңірдегі өнер мектебі мен үйірмелерге қатысатын 465 бала өз жұмыстарын көпшілікке ұсынды, деп хабарлады білім басқармасы.
None
None

Ұлттық оюлар мен бисерден жасалған суреттер көрінісі көз тартарлықтай. Балалар шеберлік пен аса талғампаздықты таныта отырып, тоқу, тігу, ағаш кесу және металмен жұмыс жасау арқылы көркем шығармалар жасап шығарған.

«Ағаш, металл және керамика бұйымдарын көркемдеп өңдеу» аталымында бірінші орынды Лебяжі ауданының оқушылары Асхат Жұмаш пен Ернар Егеубаев жеңіп алды.

Павлодар облысы № 39 мектебі 5 сынып оқушыларының «Сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып түрлері» аталымындағы ұжымдық жұмысы үздік деп танылды.

Соңғы жаңалықтар