Павлодар қаласында болашақ Отан қорғаушылардың слеті болып өтті

Қазақстан Тәуелсіздігін мерекелеуге арналған «20 жұлдызды күннің» бірінші күнінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған кадет мектеп-интернатында әскери-патриоттық клубтар слеттерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жалпы білім беретін мектептердің, кәсіби лицейлер мен колледждердің оқушылары, кадеттер мен әскери қызметкерлер жиналды.
Балалармен Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Гапон, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амур Жазин, шекарашы офицерлер мен әскери мерзімді қызмет сарбаздары кездесті. Слетте патриотизм, жауапкершілік пен әрбір жас қазақстандық үшін құрметті әскердегі қызмет туралы әңгіме қозғалды.
Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушілері ұшақтар, танктер, Ұлы Отан соғысы жылдарының және заманауи техниканың модельдері ұсынылған «Әскери техника және қару-жарақ» атты көрмесін ұсынды.