Павлодар қаласында «Дәуір үні» атты павлодарлық суретші-академиктердің көрмесі ашылды

ПАВЛОДАР. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыстық көркемөнер музейінде павлодарлық ҚР Көркемсурет Академиясы мүшелерінің көрмесі ашылды.
None
None

Бұл көрме Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Осыған байланысты суретшілер өздерінің 60 көркем шығармасын ұсынған.

Атақты және өзіндік қолтаңбасы бар Өсербай Шүренов, Ғалым Қаржасов, Ануар Игембаев пен Валерий Приходько өз шығармаларында еліміздің тарихи оқиғаларын бейнелеген.

Өткізіліп отырған осы көрме Павлодар қаласындағы ҚР Көркемсурет Академиясының филиалы өңірдің мәдени өмірі үшін маңызды институтқа айналды. Суретшілердің, тарихшылардың, сондай-ақ археологтардың жұмысы туған өлкеміздің өткенінен сыр шертеді.

Соңғы жаңалықтар