Павлодар қаласында халықаралық кеңесшілер арнайы оқыту жүргізбек
Олардың айтуынша, жобаның мақсаты - ауруханаға жатқызудың төмендету, емделушінің өз денсаулығына ынтымақты жауапкершілігін жоғарлату, жедел көмекке жүгінулерді азайту, дәрігердің жүктемесін төмендету, адамдардың өмір сапасын жақсарту, созылмалы жұқпалы емес ауруларымен емделушілердің өзіне-өзі көмек көрсетуі болып табылады дейді.
Сондай-ақ бұл жобаны енгізу және созылмалы аурулары бойынша жағдайымен танысу шеңберінде, Павлодар қаласына Канададан халықаралық кеңесшілер Майк Хайндмарш и Джесси Мак Гоуан келді. Созылмалы аурулар емдеу бойынша халықаралық тәжірибелері бар кеңесшілер Қазақстанның денсаулық сақтау жағдайларына бейімді созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бойынша жобаны енгізуге көмектеседі.
17 қарашада халықаралық кеңесшілер денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде осы жобада істейтін емхана менеджерлері және медицина қызметкерлерімен кеңес өткізді. Кеңесшілер танысу мақсатында Павлодар қаласының емханаларына барады. Алдағы уақытта емделушілермен жұмыс істеу үшін үнемі медициналық қызметкерлердің арасында арнайы оқыту жүргізіліп тұрады.
2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемде консультациялық-диагностикалық қызметтерін көрсететін әлеуетті қосалқы мердігерлер ретінде ересек тұрғындарға және балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек, массаж, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, жалпы хирургия, оториноларингология, офтальмология, невропатология, кардиология, эндокринология, травматология және ортопедия, урология, стоматология, онкология, жалпы терапия, акушерлік және гинекология, кәсіптік патология, ревматология бойынша көмек көрсетеді.
Тегін берілетін дәрілік құралдар тізімі оңтайландырылып қана қоймай, бүкіл республика бойынша дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. 3 мыңнан астам елді мекенде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандары арқылы ауыл тұрғындарына дәрілер жеткізу ұйымдастырылды. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекке бағаны қалыптастыру тәртібі бекітілді, делінген баспасөз хабарламасында.