Павлодар қаласында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» атты акция басталады

ВЛОДАР. 25 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Еліміздің барлық жерінде өтетін «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» атты акция ертең, 26 қараша күні Павлодар қаласында басталады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Акция күн сайын арнайы ұранмен өтетін болады. Облыс орталығында білім, мәдениет, денсаулық сақтау, сонымен қатар республикамыздың дамуына елеулі үлесін қосқан экономика саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Соғыс ардагерлеріне, этномәдени бірлестіктер өкілдеріне, құрметті азаматтарға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Акция күндерінің барысында «Жас ұлан» республикалық қоғамдық ұйымына жас азаматтарды қабылдаудың салтанатты рәсімі өтеді.

Павлодар қаласындағы мектептерде ҚР Тәуелсіздігіне орай сынып сағаттары, Ата заңымызды жақсы білу бойынша конкурстар, шығармашылық мектеп ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтіп жатыр.

Мектептерде Отанына деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде балалар мен ұстаздар кеуделерінде көк бант тағып, жаңа патриоттық дәстүрді қалыптастыруда.

Соңғы жаңалықтар