Павлодар қаласының әкімі танымал қоғамдық жұртшылықпен және журналистика ардагерлерімен кездесті

Облыс орталығының басшысымен кездесуге бұрын қала мен облыстың басшылары болған Павлодардың құрметті азаматтары Клавдия Арынғазина мен Евгений Азаров келді. Бүгінде олар ең ірі қоғамдық ұйымдардың көшін бастап келеді.
«Тәуелсіздік жылдарының ішінде облыс орталығы танымастай өзгерді. Ертістің жағалауы қандай десеңші! Мен көптеген қалаларда болдым, бірақ осындай бірегей жағалауды кездестірмедім. Соңғы үш жыл бойы Павлодар гүлденіп келеді, орталықта республиканың Мемлекеттік Туы қойылған салтанатты қақпа пайда болды, жөндеуден өткен аулалар жайлы бола бастады», деп атап өтті Е.Азаров.
Облыстық мүгедектер қоғамын Георгий Четвериков көптеген жылдар бойы басқарып келеді. Оның билікпен өзара қимылының арқасында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері ойдағыдай шешілуде.
Қаладағы Ауғанстан ардагерлері одағы, «Томирис» әйелдер клубы мен ардагерлер кеңесінің қызметтері де белсенді.
Зейнеткерлік демалысқа шықса да туған жері -Павлодар, оның өткір мәселелері мен жетістіктері туралы Өскенбай Тастемханов, Людмила Гришина, Сәлімбай Ермолатов сияқты журналистер талмастан жазып жүр.
О.Қайыргелдинов қатысушыларға алғысхаттары мен сыйлықтарын тарту етті. Мерекелік кездесу павлодарлық жас «жұлдыздардың» шағын концертімен аяқталды.