10:35, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар қаласының әкімі ұзақ жасаған қарттардың үйінде қонақта болды
ПАВЛОДАР. 2 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов Қарттар күнінде ұзақ жасаған қарттардың үйінде қонақта болды, деп хабарланды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Георгий Жуков өзінің 100 жылдығын тойлап үлгерді. Бүгін ол немере, шөберелерді сүйіп отыр.
Қала әкімі қонаққа барған Күлпат Аубакирова жуырда, 15 қыркүйекте 100 жасқа келгенін атап өтті. «Өмір бойы жұмыс істедім», - деп еске алады кейуана. Оның 5 қызы, 7 немересі және 10 шөбересі бар.
Айта кетейік, Павлодарда ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешіп келе жатқан 19 тұрғын бар.