Павлодар қаласының алты жекеменшік балабақшасы балаларды тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыс алды

ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Биылғы жылы Павлодар қаласының жекеменшік балабақшаларындағы мемлекеттік тапсырыс көлемі өсті,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

 «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің айналымы біртіндеп өсіп келеді. Өткен жылы мемлекеттік тапсырысты төрт жекеменшік балабақша алса, биыл оның саны алтыға өсті», - деп атап өтті білім бөлімінің мектепке дейінгі мекемелер секторының меңгерушісі Жанат Асайынова.

Жекеменшік балалар мекемелеріне баратын балаларға өтемақы да өсті. Былтыр бір балаға төлемақы айына 10,5 мың теңге болса, қалғанын ата-аналары төлейтін. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап бір бала үшін жалпы төлемақының 14, 7 мың теңгесін мемлекет төлейді.

Жекеменшік балабақшаларға өскен мемлекеттік тапсырыс 190 баланы мектепалды тәрбиемен қамтуға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар