Павлодар қаласының прокуратурасы азаматтардың 1,3 мыңнан астам еңбек құқықтарының бұзылғандығын анықтады

ВЛОДАР. 28 қараша. /Вера Ливинцова/ - Биылғы жылы қадағалау органының қызметкерлері кәсіпорындар мен мекемелерде азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы бойынша алты рет тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Павлодар қаласының прокуратурасы.
None
None

1,3 мыңнан астам заң бұзылуы анықталған. Сегіз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, біреуі тәртіптік жазаға кесілді. 1 274 адамның конституциялық құқықтары қорғалып, жалақы бойынша 83 млн. теңгеден астам қарыз төленді.

Прокуратураның бұдан бұрынғы берген ұйғарымдары бойынша қазан айында «Павлодарастықөнімдері» ЖШС 41 жұмыскерге 3,7 млн. теңгеден астам ақша төлеп, жалақы бойынша қарыздарын жойды..

«ҚазАлкоПром» ЖШС қарызының қалғаны - 10 млн. теңгені 296 жұмыскеріне төлеп құтылды. Бұның алдында осы кәсіпорын 20 млн. теңгелік қарызын өтеген болатын.

Қыркүйек айының соңында прокуратура 55 жұмыскеріне 14 млн. теңгеден астам жалақы төлемей жүрген «Иверис» фирмасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Кәсіпорынға екі рет - 20 және 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған еді, алайда ол бүгінгі күнге дейін қарызын өтеген жоқ. Қылмыстық іс тергеу үшін Павлодар ішкі істер басқарасына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар