Павлодар кардиоорталығында бала жүрегіне алғашқы ашық операция жасалды

ПАВЛОДАР. 12 ақпвн. ҚазАқпарат - Павлодар аймақтық кардиоорталығында екі баланың жүрегіне ашық ота жасалды.
None
None

Олардың екеуінің де жүрегінде туабітті ақауы болатын, республиканың баc кардиохирургі Юрий Пя бастаған дәрігерлер бригадасы операция үстелінде сегіз сағатқа жуық жұмыс істеді.

Павлодардағы заманауи жабдықтармен жарақтанған жаңа кардиоорталық өткен жылдың соңында ашылған болатын. Ол Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мұнда қазірдің өзінде 40-тан астам ота жасатды.

Соңғы жаңалықтар