Павлодар кәсіпорындарындағы еңбекақының төленуі прокуратура бақылауында

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Қаладағы кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуы Павлодар қадағалаушы органдарының жіті бақылауында,
None
None

деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осы жылдың сегіз айында азаматтардың еңбек құқығын қорғауға бағытталып жүргізілген 15 тексеру барысында 640 заңбұзушылық оқиғалары анықталған.

«Аманат» фирмасында 271 қызметкерге 10 миллион теңгеден астам көлемдегі еңбекақы қарыздары сақталған. Тексеру қорытындысы бойынша, қызметкерлерге жалақылары толықтай төленген. «Павлодартұз» ЖШС-ның қызметіне қадағалаушы орган араласқан соң, 75 жұмысшыға 5 млн. теңгеден астам ақша еңбекақы ретінде берілген.

Тамыз айының соңында 45 млн. теңге көлеміндегі төленбеген еңбекақыға қатысты прокуратура ұйғарымы облыстағы Әкімшілік сотқа жіберілген.

Соңғы жаңалықтар