15:13, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодар қазақ - музыкалық драма театрының сахнасында «Ақмаңдайлым» атты студенттік қойылымның премьерасы өтті
ПАВЛОДАР. 23 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының театр студиясы әзірлеген қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақмаңдайлым» қойылымы сәтті өтті, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Студенттермен бірге осы қойылымды әзірлеген жас әртістерді қазақ - музыкалық драма театрының әртісіДоскен Елубай сахнаға алып шықты. Әуесқой әртістердің кәсіби шеберлігіндегі кем тұстарды ынта, шабыт және олардың сезімге берілгештік қасиеттері толықтырды. Студенттердің ұлттық биі мен әдемі әуезді әуені қойлымды одан әрі жандандыра түсті.