08:36, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодар кітапханасындағы «Менің Қазақстаным» атты көрме - Тәуелсіз Қазақстан тарихы жайында баяндайды
ВЛОДАР. 30 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласының А.Гайдар атындағы балалар кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты көрме ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ересектер мен жас оқырмандарға арналған экспозицияға Қазақстан Республикасының тарихы мен қалыптасуы туралы баяндайтын кітаптар қойылған.
«Көрменің бірінші бөлімі Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа. оның өмірі мен қызметіне арналған», атап өтті кітапхана әдіскері Күміс Құсайынова.
Екінші бөлім ел дамуының тарихы туралы сыр шертеді.
Ал «Желтоқсан мәңгі жадымызда» атты үшінші бөлімде Тәуелсіздікке қол жеткізу жолдарын - саясатта, экономикада, әлемдік аренадағы жетістіктерді талдайтын авторлардың кітаптары жиналған.