Павлодар көпсалалы инновациялық колледжінде Қазақстанның құқық саласы проблемаларына арналған ғылыми-практикалық конференция болды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Қасенов/ - Өткен демалыс күндері Павлодар қалалық көпсалалы инновациялық колледжінде «Қазақстанның құқықтық жүйесі: мәселелер және дамудың келешегі» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) Павлодар заң колледжінің баспасөз хатшысы Айгүл Сыздықованың айтуынша, шара «Атамекен» ғылыми-практикалық орталығының базасында өтті, оған мемлекеттік-құқықтық, азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-гуманитарлық секциялар бойынша оқу орнының курсанттары да қатысты.Конференцияда 2 курс студенті Қайрат Жүсіпов «Азаматтың жеке басына қарсы қылмыс туралы қылмыстық заңдылықтарды жетілдірудің мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Ал курсант Қуаныш Түменов «Лаңкестікпен күрес» тақырыбының өзектілігіне тоқталса, Әсемгүл Тілеуғабылова конференцияға қатысушыларға «Түзету мекемелеріндегі жауап алу өндірісі мен ұйымдастыруды жетілдіру» мәселесі туралы айтып берді. Ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен қатысушыларға арнайы дипломдар табыс етілді. Азаматтық-құқықтық тақырып бойынша бірінші орын ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжінің 2 курс студенті Любовь Милиншке берілсе, екінші орын Әсем Бердіқұловаға бұйырды. Қылмыстық-құқықтық тақырып бойынша үшінші орынға Павлодар заң колледжінің 2 курс студенті Ердос Нұрпейісов лайық деп танылды.
Соңғы жаңалықтар