Павлодар Қорғаныс істері департаментінің қызметкері сотталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей гарнизоны әскери сотымен Павлодар қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Департамент қызметкері алаяқтық жолмен жеке кәсіпкердің жүргізушісін қылмыстық құқықбұзушылық жасауға үгіттеген. Яғни әскери қызметке шақырылушыларды тамақпен қамтамасыз ету уақытын бірнеше рет бұзып, шарттың міндеттерін дұрыс орындамаған. 36 әскери қызметке шақырылушыны тәуліктік үш уақыт тамақпен қамтамасыз етілуге жұмсалатын қаржыдан 80000 теңгені өзінің басшылығына бермек болған.

Осылайша ол жеке кәсіпкердің жүргізушісін лауазымды адамға пара беруге итермелеген. Алайда жүргізуші бұл туралы Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарлайды. Кейін дәмханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері департамент қызметкерін 80000 теңге ақшалай қаражатты алып жатқан жерінен ұстайды.

«Сотта департамент қызметкері өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінетінін жеткізді. Азаматтың үстінен «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, жауапқа тартылды. Сот үкімімен жымқырған ақшасын он бес еселенген мөлшерде айыппұл ретінде төлеу туралы шешім шығарылды. Яғни 1 200 000 теңге. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-деді Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы Жамал Бекенова.

Соңғы жаңалықтар