13:10, 16 Наурыз 2013 | GMT +5
Павлодар көшелерімен жан түршігерлік «керуен» жүріп өтті
ПАВЛОДАР. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше облыс орталығында өткізілген «Біз - жолдағы қауіпсіздік үшін!» атты полицейлердің акциясы Павлодар тұрғындарының назарын көшелердегі жағдайға аудартты,

деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың екі айында облыста жол апаттарында 16 адам мерт болып, 138-і жарақаттанды.
Қала көшелерімен жан түршігерлік «керуен» жүріп өтті - жеті эвакуатордың платформаларында жол-көлік апаттарында талқандалған көліктер тұрды. Көліктердің қозғалысын инспекторлардың жас көмекшілері «реттеп тұрды».
Полицейлер акция барысында №24 мектепте жол-көлік апатының салдарынан болатын жарақаттарды алдын алу жөнінде семинар өткізіп, оқушыларға «Жолдас көмекке асығады» атты анимациялық фильмді көрсетті.