09:35, 28 Тамыз 2010 | GMT +5
Павлодар мектептері қыс мезгілінде жылы болады
ПАВЛОДАР. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Облыс орталығының мектептері жаңа оқу жылының басталуына дайын, оқу мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары тамыздың 20-сы күні аяқталған, деп хабарлады Павлодардың білім беру бөлімінде.

Жылу жүйелеріне қосылу үшін мектептердің 98 пайызы рұқсат алып үлгерді, жылу жүйелері тазаланып, жылу желілері жөндеуден өтті.
Барлық мектептерде дерлік өртке қарсы дабыл белгісі орнатылған.