Павлодар мектептерінде демалыс лагерьлері ашылды
Оқушылар күн сайын шытырман оқиғаға толы ертегілер әлеміне, экологиялық және тарихи «аралдарға» аттанып, көп жайттармен танысады. Саяхаттар барысында балалар білімдерін толықтырып қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, шет тілдерін білу қабілеттерін шыңдайды.
№24 мектептегі «Веселые нотки» сауықтыру лагеріндегі балалар жаздың алғашқы күнін көңілді өткізді. Лагердегі барлық отрядтар - әншілер отрядтары, олардың әрқайсысының өздерінің сүйікті әуендері бар, бір-бір ән орындалса - тұтас концерт болады.
«Айналайын» және «Қуаныш» лагерлері де балаларды қабылдады. Маусым айында Павлодар облысында 361 мектеп лагері ашылады, жаз бойы екі ауысымда 24 мың бала демалады. Білім басқармасынан хабарлағандай, жолдаманың құны - 2 мың мен 3,5 мың теңгенің аралығында.