Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары Еуропалық университеттерде дәріс оқыды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың «Erasmus+» білім беру бағдарламасы аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары Еуропа университеттерінде дәрістер курсын оқыды, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.
None
None

Еуропалық білім беру үдерісі салаларында университетті таныстыратын профессор Айнаш Кұдышева және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Зулейха Марданова.  Дәрістер ағылшын тілінде оқитын студенттерге арналған.

А.Құдышева Толедо қаласында орналасқан Кастилия-Ла-Манча университетінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері туралы дәріс оқыды. З. Марданова Сьюдад-Реаль қаласының университетінде «Орталық Азиядағы көші-қон процестері» атты бейінді пәні бойынша өз тәжірибесімен бөлісті (Испания).

«Erasmus+» бағдарламасы білім беру және оқыту жүйелерінің дамуына бағытталған, - деп атап өтті академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Құндыз Мұқатаева. - Бағдарлама ПМУ-да  2015 жылдан бері жүзеге асуда және бүгінде біздің оқытушылар серіктес университеттерде өз тәжірибелерімен бөлісуде, павлодарлық студенттердің шетелде тегін оқып, шәкіртақы алуына мүмкіндіктер ашылды».

Соңғы жаңалықтар