Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері білім сапаларын қуаттады

ПАВЛОДАР. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері аймақ оқу орындарының арасында өткен аралық мемлекеттік бақылауда үздік нәтиже көрсетті,
None
None

деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.

Студенттер жаратылыстану ғылымдары бойынша орта есеппен 102 балл жинап, білім сапаларын қуаттады. Ауыл шаруашылығы, әлеуметтік ғылымдар бойынша тапсырмаларды да студенттер тамаша орындады. Ал заңгерлік және экономикалық мамандықтар бойынша 99 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Болашақ экономистер, химиктер, тарихшылар мен заңгерлер ерекше көзге түсіп отыр.

Барлық факультеттер бойынша орташа көрсеткіш 93,65 балды құрады.

Соңғы жаңалықтар