08:51, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері омбудсменді таңдады
ПАВЛОДАР. 9 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінде 2012-2013 оқу жылының студенттік омбудсмені сайланды.

Ол тарих және құқық факультетінің үшінші курсының студенті Әлібек Оразбек болды, деп хабарлады Қазақстан студенттері Альянсының БАҚ-пен байланыс бойынша үйлестірушісі Айжан Байтанова.
«ЖОО-дағы омбудсмен - бұл студенттердің құқықтары бойынша өкілетті адам. Ол білім алушылардың құқықтары мен қызығушылықтарының сақталуын қадағалап, даулы жағдайларды шешеді және олардың алдын алу бойынша кеңестерін береді. ЖОО-ның кез келген білім алушысы студенттердің құпия дауыс беруі арқылы омбудсмен бола алады. Бұл жоба төрт жыл бойы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда», - деп атап өтті Қазақстан студенттері Альянсының Павлодар облысындағы көшбасшысы, ПМУ-де 2010-2011 оқу жылында омбудсмен болып сайланған Данияр Айтышев.