09:11, 12 Сәуір 2012 | GMT +5
Павлодар мен Екібастұзда қаржы полициясы жасырын жұмыс істеп келген казиноларды тапты
ПАВЛОДАР. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Екібастұзда 20 ойын аппараты бар екі заңсыз мекеме анықталды, деп хабарлады экономикалық және ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Ал Павлодарда анықталған жасырын «казинодан» 22 ойын аппараты алынды. Мекемелердің заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Заңға сәйкес мұндай жасырын «казинолардың» ашылуына рұқсат берілмейтіндігіне қарамастан ойын залы үшін ғимаратты ұсынған азаматқа қатысты қозғалған қылмыстық іс прокуратураға жіберілді.
Павлодар облысы бойынша Қаржы полициясының департаменті заңсыз жұмыс істейтін ойын залдарын анықтау және қызметін тоқтату бойынша жұмыстарын жалғастыруда.