Павлодар мен Қарағандыда көмірден дизель өндіретін жобалар іске асырылады

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар мен Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін жобалар іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

Богатырь Көмір
Фото: Валерий Бугаев

— Көмір өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттарының бірі көмір химиясын дамыту екенін жеке атап өткім келеді. Бүгінгі таңда көмір химиясы саласында 3 жоба іске асырылуда. Біріншісі — Қарағанды облысында қуаты 132 млрд доллар болатын, 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу. Жұмыс орындары — 500 адамға дейін, — деді министр.

Оның айтуынша, Павлодар және Қарағанды облыстарында құны 63 млн және 65 млн доллар болатын әрі 1 160 және 1 250 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 2 жоба іске асырылады. Аталған жобалардың әрқайсысы көмірден 100 мың тоннаға дейін дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді. Мұнан бөлек тағы 3 жоба пысықталып жатыр. Атап айтқанда, Қарағанды облысында кокс химиясы өндірісі, Абай облысында жылына 300 мың тоннаға дейін аммиак және 300 мың тонна карбамид өндірісі іске қосылуы мүмкін. Сонымен қатар көмірден жылына 2 млрд текше метр газ өндіретін жоба бар. Бұл нысанның орналасатын жері әлі айқындалмаған.

— Көмір өнеркәсібі энергетикалық қауіпсіздік пен экспорттық әлеуетті қамтамасыз ете отырып, ел экономикасы үшін стратегиялық маңызды сақтауда. Елдің бай көмір әлеуеті көмір химиясы саласында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көмір химиясын дамыту жобалардың жоғары капитал сыйымдылығы мен технологиялық күрделілігі, заманауи технологияларды енгізудің шектеулі тәжірибесі, кадрлық әлеуетті дамыту қажеттілігі, нормативтік базаны қалыптастыру сатысында сияқты бірқатар факторлармен қатар жүреді, — деді ол.

Айта кетейік, биыл көмір саласына 553 млн теңге инвестиция тартылады.

Соңғы жаңалықтар