Павлодар мұнай-химия зауыты октан санын көтеретін, құны 350 млн теңге болатын қондырғыны іске қосты

«Павлодар мұнай-химия зауыты «Каскад» N-метиланилин аталатын қоспа арқылы октан санын арттыратын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану торабын іске қосты. Қондырғыны іске қосуға 350 млн. теңге жұмсалды. Жобаның мақсаты жоғары октанды автокөлік бензині өндірісін ұлғайту болып табылады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қондырғы 9 мың тонна октан санын көтеретін қоспаны қабылдауға, сақтауға арналған. Жылына 1 млн. тонна жоғары октанды автомобиль бензинін шығара алады.
Павлодар мұнай-химия зауыты осы жылдың өткен жеті айында 2,7 млн. тонна өнім өндірді, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артық. Теңгемен есептегенде өнім көлемі 2,2 есеге артып, 16 млрд. 98,4 млн. теңге құрады.
Зауыт 1978 жылы құрылған, ол бүгінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қарамағында.