Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеуден соң қайта іске қосыла бастады
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «ПМХЗ» ЖШС жоспарлы-алдын алу жұмыстарын орындаудың соңғы кезеңіне шықты. Зауыт бойынша орындалған жұмыстардың орташа көрсеткіші 98,5% -ды құрады.

Зауыттың жұртшылықпен байланыс бөлімінен хабарлағандай, көптеген ірі қондырғылардағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
«Кәсіпорын жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтаған кезде мұнай өнімдерінің барлық резервтік қорларының көлемі екі еседен астам қысқарды. Бұл бекітілген үздіксіз тиеуді қамтамасыз ету жоспарының шеңберіне кіреді. Жөндеу жұмыстары шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау қағидаларына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылып жатыр. Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес өндірісті іске қосу осы аптаның соңына дейін күтілуде», - деп мәлімдеді зауыттан.
Кәсіпорын толық өндірістік қуатына 16 шілдеге дейін шығады деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, маусым айында Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуге жабылғаны туралы жазған едік.