Павлодар мұнай зауытында қысқы дизель отынын өндіруге арналған сутегі қондырғысы салынады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Құны 101,8 млн еуро болатын жоба «Жасыл дәліз» мемлекеттік бастамасы аясында жүзеге асырылады.

Павлодар мұнай зауытында қысқы дизель отынын өндіруге арналған сутегі қондырғысы салынады
Фото: Павлодар мұная-химия зауыты

Павлодар мұнай-химия зауытының базасында биыл жаңадан сутегі қондырғысының құрылысы басталады. Жоба қысқы дизель отынын өндіру үшін зауытты сутегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

— 1902 жылы құрылған Air Liquide компаниясы өнеркәсіптік газдар саласында әлемдегі көшбасшылардың бірі. Ол 73 елде бар және Total, ExxonMobil, Shell, BASF, Chevron сияқты және тағы да басқа ірі энергетикалық корпорациялармен серіктес. Құны 101,8 млн еуро болатын жоба «Жасыл дәліз» мемлекеттік бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Ол жоғары энергетикалық тиімділік пен шығарындылардың ең төменгі деңгейін қамтамасыз ететін бу риформинг технологиясына негізделген, — деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінен.

Жобаның ерекшелігі — Air Liquide мамандары әзірлеген бутан-бутилен фракциясынан сутекті алудың инновациялық әдісі — First of Its Kind бірегей технологиясын енгізу. Бұл шешім аймақтағы табиғи газдың шектеулі қорына байланысты қабылданды.

Жобаны іске асыру кезеңінде 192 маман, пайдалануға берілгеннен кейін 25 тұрақты қызметкер жұмыс істейтін болады.

Еске сала кетейік, Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өңдеу тарифін өзгертті

Соңғы жаңалықтар