Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден жай оты түскен

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — 2 маусым күні «Ертіс орманы» табиғи резерваты аумағында найзағайдың түсуінен кейін 14 өрт жағдайы тіркелген. 

Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден жай оты түскен
Фото: «Ертіс орманы»

Тілсіз жауды ауыздықтауға 150 адам мен 46 техника жұмылдырылды. 

— Өрт оқиғаларының 12-сі орманды жерлерде, өзгесі далалы жерлерде болды. Оны өшіруге 46 бірлік техника, атап айтқанда, 21 автоцистерна, 12 трактор, 13 шағын өрт сөндіру кешені қолданылды. Жалпы саны 150 адам жұмылдырылды, оның 117-сі орман күзетінен, өзгесі — «Қазавиаорманқорғау» десанты мен төтенше жағдай қызметкерлері. «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы әуеден 4 рет су төкті. Орман күзеті мен қызметтердің үйлесімді іс-әрекетінің арқасында өрт үлкен аумаққа таралмай, уақтылы ауыздықталып, өшірілді. Өрт шалған жерлердің жалпы аумағы мен келген шығын анықталып жатыр, - деп хабарлады резерваттың баспасөз қызметінен.

«Ертіс орманы»
Фото: «Ертіс орманы»

Бұған дейін Ертіс бойы орман шаруашылықтарының өртке қарсы әлеуеті әлсіз екені туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар