Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментіне жаңа басшы келді
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы болып Гүлстан Темірова тағайындалды.

Гүлстан Темірова 1972 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметте 23 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Павлодар облысы Май халық соты сот отырысының хатшысы, Екібастұз филиалы сақтандыру компаниясының маманы, қоғамдық-құқықтық қордың заң консультанты, Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының, Павлодар облыстық сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2016 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы тағайындалды.