Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Облыс әкімінің өкімімен өңірлік дін істері басқармасының басшысы болып Нұрлан Байбәкіров тағайындалды.
Нұрлан Жұмабекұлы 1979 жылы Май ауданында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі» және Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Май ауданында мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Павлодартелерадиода шолушы ретінде және Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасында жұмыс істеді. Облыс әкімінің аппаратында және Ақсу қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқарды, мәдениет, жұмыспен қамту, ішкі саясат және дене шынықтыру бөлімдерін басқарды.
Ақсу қаласының Достық ауылдық округінің әкімі, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы және әкім орынбасары болып еңбек етті. 2023 жылдан Павлодар облысының дін істері басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалғаны туралы жазғанбыз