Павлодар облысында 16 ауыл әлі де жарықсыз отыр
Кеше түнде болған сұрапыл дауыл Павлодар облысындағы 117 ауылды жарықсыз қалдырды. Жөндеу бригадалары қазірге дейін 101 елді мекенді электрмен қамтамасыз етіп үлгерді, деп хабарлайды Kazinform.
Өңірде қазіргі уақытта 65 жөндеу бригадасы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, олар 8543 тұтынушыны жарық көзіне қосты. Сағат 15.00-дегі мәлімет бойынша 16 ауылдағы 930 абонент электр энергиясымен әлі де қамтылмаған.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақсу ауылдық аймағы мен Баянауыл ауданының әрқайсысында - 5, Павлодар мен Аққулы аудандарында – 2, Ақтоғай мен Ертіс аудандарында – 2 ауыл жарық көзіне қосылған жоқ.
Еске салып өтейік, кеше түнде секундына 37 метр жылдамдықпен дауыл соғып, Павлодар облысы бойынша 10 ауданда жарық өшіп қалды.
Желдің екпініне шыдамай Павлодар қаласында 52 млн теңгенің шыршасы құлап қалды.