12:42, 11 Қаңтар 2024 | GMT +5
Павлодар облысында боранда адасып кеткен малшы табылды
Боранды күні Павлодар облысында жоғалған малшы аман-есен табылды, деп хабарлайды Kazinform.
Белгілі болғандай, 10 қаңтар күні кешкі уақытта Баянауылдың Жаңажол ауылдық округінде 1975 жылғы азамат боранда адасып қалған. Қоңжыкөл қыстауынан мал қайырып келуге шыққан табыншыны бүгін таңертең құтқарушылар тапты.
Іздестіру жұмыстарына департаменттің жеке құрамынан 10 адам мен 2 техника, жергілікті атқарушы билік органдарының қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, кеше Павлодар облысында барлық бағыттағы жолдар жабылып, көптеген елді мекенде жарық өшіп қалды.
Сондай-ақ дүлей дауылдың салдарынан Павлодарда 52 млн теңгенің шыршасы құлап қалды.