Павлодар облысында бір тәулікте үш адам суға батып кетті

Павлодар облысында бір тәулікте үш адам суға батып кетті
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар облысында екі жасөспірім көлге батып кетті. Ағайындылар – 11 және 13 жаста. Сондай-ақ Павлодардағы орталық жағажайға шомылуға барған студенттің денесі су астында қалды. Жас жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Қайғылы оқиға түнгі сағат бірдің шамасында Торайғыр көлінде болған. 

– 28 маусым күні сағат 00:58-де Торайғыр көлінде 2011 және 2013 жылы туған ағайынды екі жігіт суға түсуге тыйым салынған жерде суға батып кетті. 2013 жылы туған жасөспірімнің денесі судан шығарылды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Төрт сағаттан кейін құтқарушылар екінші баланың денесін тапты. Қаланың орталық жағажайында суға батып кеткен жас жігітті іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

– Жас жігітті іздеуге 10 құтқарушы мен 4 су көлігі жұмылдырылды, - деп жазды өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Соңғы жаңалықтар