Павлодар облысында ер адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізушілер полицияға жеткізілді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Ақсуда ер адамды көлік қағып, оқиға орнынан ізін суытты.

дтп
Фото: Canva

Полиция жаяу жүргіншілерге арналған жерде ВАЗ-21213 көлігі қаққанын айтты. Алайда оқиға бұнымен бітпеген.

- Бұдан соң ер адамды ВАЗ-21070 маркілі екінші көлік басып өтіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция жүргізушілерді ұстап, полиция бөліміне жеткізді, -деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің бапасөз қызметі.

Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан көз жұмды.

Жол апаты және оқиға орнынан кетіп қалу әрекеті бойынша іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар