Павлодар облысында халықаралық іздеуде жүрген есірткі сатушы ұсталды

Павлодар
Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – «Құқықтық тәртіп» атты 10 күндік жедел-профилактикалық іс-шара кезінде халықаралық іздеудегі есірткі сатушы ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ведомствоның онлайн брифингісінде осындай дерек айтты.

«Іс-шараға 14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жұмылдырылды. 10 күн ішінде іздеуде жүрген 71 адам ұсталып, белгіленген тұрғылықты жеріне келмеген 24 сотталған азамат анықталды. Мысалы, Павлодар облысында есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат құрықталды» - деді ол.

ІІМ ресми өкілі рейдтер кезінде 35 атыс қаруы тәркіленгенін мәлім етті.

«Одан бөлек, 400 млн теңгені заңсыз иемденіп, ұзақ уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген алаяқ ұсталды. Арнайы қабылдау-тарату орнына 661 адам орналастырылды. Олардың арасында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, құжаттары жоқ шетелдіктер бар. Рейдтік іс-шаралар барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен алып жүрудің 362 фактісі анықталды. Сондай-ақ, 92 келі есірткі, 35 атыс қаруы және 161 суық қару тәркіленді», - деді Шыңғыс Алекешев.

Соңғы жаңалықтар