Павлодар облысында көлік қозғалысы қайта жанданды

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Павлодар облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынғанын хабарлады.

жол ашық
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

2026 жылғы 19 наурыз сағат 06:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды:

- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0–137-шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Баянауыл ауылы);

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 0–152-шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы).

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салады.

Айта кетейік, кеше түнде еліміздің үш облысында жол жабылғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар