04:45, 19 Қараша 2025 | GMT +5
NASA Айда адам басқаратын миссияны іске қоспақ
АСТАНА. KAZINFORM — NASA 2026 жылдың сәуір айында Айға Артемида II миссиясын ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Вelta.
— NASA Артемида II экипажының миссиясы үшін БАҚ тіркеуін ашты. 2026 жылдың сәуірінен кешіктірмей ұшырылады. Артемида II Айға 4 ғарышкерді 10 күндік сапарға жібереді», — делінген агенттік хабарламасында.
Миссияға америкалық ғарышкерлер Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және олардың канадалық әріптесі Джереми Хансен кіреді. Space Launch System (SLS) зымыраны Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылады деп жоспарланған. Шетелдік журналистердің өтініші 30 қарашаға дейін қабылданады.
NASA 2019 жылдың көктемінде үш кезеңнен тұратын Артемида бағдарламасын жариялаған еді.
Айта кетейік, NASA Ай бетінде адам тұратын ауыл салмақшы.