Павлодар облысында мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM —  ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

вейпы, уничтожение
Фото: Артём Викторов/ Kazinform

Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу тәсілімен жүзеге асырылған.

Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған кірісті қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.

Вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған.

Соттың санкциясымен қылмыстан түскен табысқа сатып алынған 3 автокөлікке («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») тыйым салынды.

Төрт күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік ШҚО-да Telegram-арналар арқылы сатылмақ болған 1 500-ден астам вейп тәркіленген еді

Соңғы жаңалықтар