Павлодар облысында прокурорлар инвесторға 18 млн теңге берешекті өндіріп алуға көмектесті

АСТАНА. KAZINFORM – Успен ауданының прокуратурасына КХ «Бик» сот шешімімен өндіріп алынуға тиіс 18 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның өтелмеуіне байланысты жүгінді.

ақша бухгалтер
Фото: СҚО прокуратурасы

Облыстық прокуратура мәліметінше, бұл қаржы сүт фермасын салу жөніндегі инвестициялық жоба аясында ірі қара мал сатып алу үшін қажет болған.

Инвестордың уәждерін зерделеп, прокуратура сот актісінің орындалмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-бөлігі бойынша істі СДТБТ АЖ-не тіркеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берешек толық өтеліп, фермер инвестициялық жобасын жалғастырып, 20 жұмыс орнын ашты. Бұл ауданның аграрлық секторын дамытуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосады.

Айта кетейік, Павлодар облысында 59 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр.

Соңғы жаңалықтар