Павлодар облысында тауға шығып, түсе алмай қалған төрт турист құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

тауға шығып, түсе алмай қалған төрт турист құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

- Павлодар облысы Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында, Жасыбай көлі ауданында төрт адам тауға шығып, өздігінен түсе алмай қиын жағдайға тап болды, - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, туристер күндіз тау шыңына көтеріліп, түсу кезінде қиындықтарға тап болған.

- Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді, Павлодар облысы Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты. ТЖМ құтқарушылары арнайы жабдықтар мен жарықтандыру құралдарын қолдана отырып, таулы жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде төрт адам да таудан аман-есен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Осыған дейін ТЖМ құтқарушылары Алматы тауында жараланған туристке көмек көрсеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар