Павлодар облысындағы түлектердің 84,3 пайызы ҰБТ-ға қатысады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Биыл орта мектептерді - 4322, негізгі мектептерді 10 778 бала тәмамдайды. Орта білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде жекеменшік мектептердегі оқу процесі 25 мамырда аяқталады.

ҰБТ
Фото: Павлодар облысы Өңірлік коммуникациялар орталығы

Ертіс-Баян өңірінде 360 мектеп бар, оларда жалпы саны 116,1 мың оқушы білім алып жатыр. 9 және 11-сынып түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау 28 мамыр-11 маусым аралығында өткізіледі, деп жоспарланған.

«Жалпы, 9-сыныпты барлығы 10 778 оқушы бітірсе, 11-сынып түлектерінің саны - 4322 бала. 11-сыныптардың мемлекеттік мектеп бітіру емтихандары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді», деп жауап берді Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Павлодар облысы білім беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Азанбаева.

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуді 16 мамыр мен 5 шілде аралығында электронды форматта USTUDY Тестілеу орталығының екі пункт базасында (Павлодар қ., Астана көшесі, 10/1; Екібастұз қ., Энергетиков көшесі, № 54 А) өткізу жоспарланған.

ҰБТ-ға 3 647 (84,3%) түлек қатысады.

Соңғы жаңалықтар