Павлодар облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Павлодар облысы әкімінің өкімімен Нұрбек Қонротбаев Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды

Павлодар облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Нұрбек Қонротбаев 1990 жылы туған. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 2014 жылы «қаржы», 2018 жылы «көлік құрылысы» мамандықтары бойынша аяқтаған. «Құрылыс» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2009 жылы «Ақсу-құрылыс» ЖШС инженері болып бастаған.

2009 жылдан 2015 жылға дейін мемлекеттік емес құрылымдарда еңбек етті.

2015-2025 жылдары Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау салаларында инспектордан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі әртүрлі қызметтерді атқарды.

2025 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетелік Павлодар облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалған еді.