Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі Амрин Рустамбек Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Амрин Рустамбек
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Рустамбек Амрин 1980 жылы 14 қаңтарда Ресей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Ресей ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының Екатеринбург филиалын, 2009 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылдан бастап өрт сөндіру бөлімінің жеке бекетінің профилактикалық құрамы тобының инспекторы, өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметінен бастады. Әр жылдары өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бастықтың орынбасары, бастығы, Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлім бастығы, басқармасының бастығы, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының кәсіпкерлік басқармасына және құрылыс бақылау басқармасына  жаңа басшылар келді.

Соңғы жаңалықтар