Павлодар облысының жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңір әкімінің өкімімен Самал Қадырова Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Самал Қанатқызы 1977 жылы туған, жоғары білімді. Еңбек жолын 1996 жылы Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылындағы Ж. Тіленшин атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы облыстық білім басқармасында бас маман болып бастады.
2017 жылдан 2022 жылға дейін Ертіс ауданының білім бөлімінің басшысы, Май ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2022-2024 жылдары Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2024 жылдан бастап Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында үш басқарманың басшысы тағайындалды.