Павлодар облыстық ІІД-де қазақстандық полицияның құрылғанына 18 жыл толуына орай салтанатты шара өтті

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облыстық ішкі істер департаментінде қазақстандық полицияның құрылғанына 18 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
None
None

Бұл ақпаратты Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Шара барысында ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар қалалық ІІБ конвойлық қызметі әскери ротасының старшинасы Қуаныш Кәкенов, уақытша оқшаулау орны бастығының орынбасары, подполковник Сергей Пахомов «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ аталған мекеменің бөлімше командирі, аға сержант Серік Сүгіровке облыстық департамент бастығының бұйрығымен полиция старшинасы арнайы шені берілді.

Шара соңы арнайы әзірленген концерттік бағдарламаға жалғасты.

Соңғы жаңалықтар