07:37, 01 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодар облыстық кітапханасының қызметкерлері жас оқырмандары үшін «Бесінші тоқсан» жобасын жүзеге асыруда
ПАВЛОДАР. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық кітапханасының балалар бөлімі қызметкерлері өздерінің жас оқырмандары үшін жазғы демалыс уақытында «Бесінші тоқсан» жобасын жүзеге асыруда.

Маусым айында мектеп жанындағы лагерлерде көшпелі оқу залдары жұмыс істеген болатын.
Шілде айында кітап оқуды жақсы көретін оқырмандар арасынан «Мен досымды суретке саламын» атты байқау өткізіледі. Шығармашылық бәсекенің ережелері бойынша өзіңнің жолдасыңды суретке салып, оның мінезі, әдеттері мен бірге істейтін жұмыстарың туралы айтып беруің керек.
Тамыз айында кітапханашылар кішкентай оқырмандар үшін қала ішінде экскурсия жасайды. Балалар 290 жылдық тарихы бар Павлодар қаласымен танысып, оның қонақжайлылығы мен тарихи орындары туралы айтады.